03.02.2022
149
ӨРШІЛ ОЙ
Ой – баста,
толқын – сонау теңіздегі
Тым ұқсас, туысы бір егіз, тегі.
Тынымсыз, тыпыршыған табиғаты –
Өздерін «өршіл, асау» дегізгені.
Толқынның жар жыққандай қайраты бар,
Ол бірақ тулап-тулап қайта тынар.
Ой ғой, ой! – Жердің жүзін билеп-төстеп,
Бір шеті Шолпанды орап, Айда тұрар.