03.02.2022
  131


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ҚОЙТАСТАР

Жағада жатқан қойтастар,
Кісіге қызық ой тастар,
Көк малта жайып қойғандай,
Иіріліп жатқан қойлардай;
Шығып бір қалған сеңдердей,
Сығымдап буған теңдердей;
Жастық та емес, жүк те емес,
Қара тас қана, – түк те емес.
Сүреңсіз, суық жатқаны,
Қажалып күнге қатпары.
Мелшиіп мың жыл жатқанша,
Өмір бер қасты қаққанша.





Пікір жазу