03.02.2022
204
ЕСКЕРТУ
Соғыстың айтса бітпес зардаптары,
Дүние қасіреттен зарлап қалды.
Тұрады тұлабойым ауыр тартып,
Көргенде қолтықтағы балдақтарды.
Сықырын протездің естігенде
Ұқсаймын өз аяғым кестіргенге.
Белгісіз солдатты ойлап солқылдаймын, –
Сол құрбан болғандықтан өстім мен де.
Көргенде қара лента таңулы көз,
Ойлаймын оқтан өткір табуды сөз.
Өткізіп өңменімен жауыздардың,
Атомға созған қолын қағуды тез.
Қанқұйлы нацизмнің найсаптары,
Қарымта қайтармақшы найза ап тағы.
Құбыжық ойларымен құтырады,
Ескертіп: «есің жи» – деп қойсақтағы.
Жоқ, сұмдар! Жолың жабық! – айтам анық
Атынан қаһарлы елдің байтақ, алып.
Төбеңнен төнер семсер,
кетпес үшін,
Дүние қасіреті қайталанып.