meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.02.2022
  240


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ЖАУЫНГЕР

Қаңқылдап ұшар қаз даусы
Естілсін əр кеш, əр таңда.
Аспаннан көзін жазбаушым,
Жау қырғи төнсе, талқанда.
Күлімкөз құрбың арманшыл
Толқынға қайық билетпек.
 Теңізден көзін алмаушым,
Жау – шортан төнсе, күйрет тек.
Бөлентіп гүлге құм ішін,
Тереңді зерттеу көп бізде.
Шекара, шепте тұрушым,
Жау ниет келсе, өткізбе.
Тыныштық, еңбек – құштары,
Тынымсыз диқан, қойшы жүр.
Қаймығып қалсын дұшпаны,
Бейбітшіл біздің Отан бұл!





Пікір жазу