03.02.2022
175
КЕРЕГІ НЕ, КЕРЕГІ...
Жалбыраған қара бұлт
Жапқан күйі аспанды,
Күңгірт тартып дала күрт,
Көкте дүбіл басталды.
Жарқ-жұрқ етіп дүние,
Шатырлауы шұғыл тым.
Зəрем ұшқан күйінде,
Атама кеп тығылдым.
– Күн күркіреу – бұл, ботам,
Нөсер келе жатқасын,
Қорқа берме, – деді атам, –
Тек соғыстан сақтасын...
...Сонда соғыс дегені
Тіпті жаман болғаны-ау.
Керегі не, керегі
Елді, жерді бомбалау?!