03.02.2022
  147


Автор: Жарасбай Нұрқанов

МОЙЫНДАУ

Сəулешім, сағынышым айдынға ұқсап,
Алыстан келгенімде жайдың құшақ.
Оралған өрім талға құндақтай боп,
Көңілдің ықтиярын қойдың тұсап.
Дарыды сенен маған жайсаң қылық,
Албырт ем, бойға бітті байсалдылық.
 Жанарың жалт етіп бір төңкерілген
Кетеді өз-өзінен ой салдырып.
Жүрсің ғой жуасытып назыңменен,
Назыңнан ынта-пейіл жазын көрем.
Алдында достарымның мойындап бір,
Осылай қойсам керек жазып өлең.





Пікір жазу