meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.02.2022
  271


Автор: Жарасбай Нұрқанов

СОҒЫСТЫҢ ЗАРДАБЫ

Жасын сығып оқыстан,
Күрсінеді кейде əжем:
«Үлкен атаң соғыстан
Оралмады», – дейді əжем.
Мұңаямын мен дағы,
Келеді аяп, болысқым.
Ауыр екен зардабы
Атың өшкір соғыстың...





Пікір жазу