03.02.2022
  129


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ЖЫР ЖАЗАМЫН ӨЗІҢЕ МЕН

Сыр сайрауын бұлбұл қоймас,
Алагеуім,
таңсəріден,
Тыңдауға оны гүл бір тоймас,
Елжіреумен,
тамсанумен.
Сорғалатып балшырынын,
Жыр жазамын өзіңе мен.
Жəйін ұғып жан сырымның
Қоярмысың сөзіме ден?





Пікір жазу