03.02.2022
  128


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ҚҰМАРЛЫҚ

Сылдырап күндіз-түні, тұнары жоқ,
Бұлдырар тал бойында құрағы жоқ.
Тас бұлақ құздан құзға сырғығандай,
Жас көңіл қыздан қызға құлады көп.
Теңізге жетіп құймай тынары жоқ,
Жағалай жасыл шалғын, құрағы көк.
Айдыны жарқыраған ақ өзендей,
Бұл күнде бір өзіңе құмарым көп.





Пікір жазу