03.02.2022
  151


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ҚЫСҚЫ БҰЛАҚ

Жөн-жосығы қатты əке
Секілді екен бұл қысың.
Ақ көрпесін жапты əкеп,
Көлдің тиып күлкісін.
Толқын жал-жал тұр қатып,
Көк сіреуке – көк айдын.
Ойдым-ойдым бу атып,
Бұлақ қана тынбайтын.
«Уа, қой, тоқтат мұқым» деп,
Зекігенге қарамай,
Өз-өзінен бүлкілдеп
Күліп жатқан баладай.





Пікір жазу