03.02.2022
196
АҚЫҚ БИДАЙ
Күміс тұлға, жез мұрттым жетілді ме,
Қызыл шырай қылықтым секілді ме?..
...Өз ұлына сүйсінген сұлудай бір
Ауып бара жатқан Күн екіндіге.
Судыр-судыр дəн теңіз толқындарын,
Алтын күзде армансыз мол тыңдадым.
Мен осынау танаптан тапқандаймын
Поэзия, парасат, əн, күй – бəрін.