03.02.2022
  126


Автор: Жарасбай Нұрқанов

АЙДЫНСЫЗ ӨЗЕН

Өзеннің аты жазулы,
Арнада суы жоқ бірақ.
Бетонмен беті жабулы,
Жайқалған емес көк құрақ.
Ақ тастың асты гүрілдеп,
Көрінбей көзге ағады.
Айдын жоқ жатқан дірілдеп,
Толқын жоқ ұрған жағаны.
Мұң кернеп бұл сəт көңлімді,
Қинайды бір ой ілгешек,..
Өзенге қоса
Өмірді
Бетондап тастап жүрмесек...





Пікір жазу