03.02.2022
  165


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ЖІГЕРЛІ ЖАСТЫҚ

Атамыз ойлы көз ашып,
Күреске белін буынған.
Жүргендерге жауласып,
Қылышын кектің суырған.
Атаның онда жас кезі,
Кеудеде оты лаулаған.
Жатса да жауы бас кесіп,
Таңдаған жолдан аумаған.
Кірісіп қызу егеске,
Қол ма қол шешкен дауларды;
Қанаушы байды келмеске
Шімірікпестен аударды.
Қоғамның мүлкін қорғаштап,
Ұмыт та болған аштығы.
Бозбала күйі қол бастап,
Жалындап өткен жастығы!
Солардай берік, бекем бе,
Еркіндік туын ұстауым;
Солардай абзал екен бе
Мұратым, сенім, құштарым.
 Солардай шаршап, тоңдым ба,
Мұқалмай бірақ жігерім;
Солардай көпшіл болдым ба? –
Деп тулайды жүрегім.
Күндерім босқа жылыспай,
Табыспен атсын таңым, деп;
Шыңдауы жеткен құрыштай
Жазамын жырды жаным жеп.
1967 ж.





Пікір жазу