03.02.2022
150
АУҒАН ҚЫС
Амалы қалмай қардың аумасына,
Бəлем бір келді білем тəубасына.
Сіресіп сықыр-сықыр жатар еді,
Сырылып шығып қапты тау басына.
Тамтық жоқ, тасада қар жатқандай-ақ,
Оған да күн-күн сайын ыстық таяп;
Қыс енді қожаңдауды қойған шығар,
Талқыға, сынға түскен бастықтай-ақ.