03.02.2022
141
ƏСЕР
– Таңдан, бауырым, таңда жауған қар қандай,
Үлпілдейді үміт, қиял, армандай.
Əппағын-ай, жатқанын-ай жарқырап,
Жайнап көзі, қардың өзі жанғандай.
Күміс төгіп алды-ау біреу,.. əй, көп тым,..
Шыны ма əлде, сынығы ма əйнектің;
Сықырлай ма, сиқырлай ма, немене,
Ақ түбіті, мақтасы ма жер-көктің?
Шекер ме екен, бекер ме екен бұл сөзім,
Кетер ме екен кеуде керіп тың сезім...
...Қонақүйде қорылдауың жетеді,
Сыртқа шығып, көрші, деймін, жүрші өзің...
...Ой, сен мұны теңеп небір асылға,
Қарды жаңа көргенбісің, расың ба?
Əдеті ғой əсем көрініп тұратын,
Ненің болсын, алғашында, басында...
Су сепкендей басылды леп, екпін ой,
Абыржып қар: «Əрине, сол» деппін ғой.
Таңнан ба əлгі, қардан ба əлде – салқындық,
Тітіркеніп, кенет мұздап кетті бой.