03.02.2022
  223


Автор: Жарасбай Нұрқанов

СТУДЕНТ ҚҰРБЫНЫҢ АЛЬБОМЫНА

Өзіңменен бақытты да, баймын да,
Өзің едің шаттығым да, қайғым да.
Енді міне, ескерткішке жыр жаздым,
Көңіл сырын жасауындай жайдым да.
Оқып осы жолдарымды аз ғана,
Бір сəтке сəл жымиярсың наздана.
Еске аларсың елестетіп өткенді,
Бар қызықтан қалғандай бір сөз ғана.
 Еске аларсың бес жылыңды бір жүрген,
Күндеріңді бір қуанып, бір күлген...
Бірақ, құрбым, бұл альбомның бұл беті
Қаншалықты сақталарын кім білген?..





Пікір жазу