03.02.2022
149
СЕН СЕКІЛДІ
Ұйқас үшін, ырғақ үшін
Мен қиналып көрген емен.
Келеді өзі зырлап ұшып,
Сен секілді көркем өлең.
Ала салып қаламды бір,
Зырылдатсам жыр ұршықтай;
Ширатылып қалады жыр
Сен секілді тығыршықтай.