meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.02.2022
  217


Автор: Жарасбай Нұрқанов

АҢТАРЫЛУ

Айрылып қысқы жолдың сар табынан,
Адасқан жолаушыдай аңтарылам.
Ақ қағаз айдаладай мелшиеді,
Қаламым қыбыр етпей қаңтарылған.
Көптенгі көкейдегі ой қаймақталып,
Отырам осылай бір ойлап қалып.
Құлаштап кететіндей жүзгіш адам,
Келгенше кеңірдектен бойлап барып!





Пікір жазу