03.02.2022
  183


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ТОЛҚЫН МЕН КЕМЕР

Толқын соқты кемерді,
Кемер кері шегерді.
Теңіз ұлы тағы ұрар,
Жер перзенті тебер-ді.
Толқын асар тоңқалаң,
Оған ол ма тоқтаған.
«Келсең, кел» деп кемер тұр,
Соқтығыстан қорықпаған.
Толқын соқты кемерді,
Кемер кері шегерді...
...Егестірген есепсіз
Табиғат неткен шебер-ді?!





Пікір жазу