03.02.2022
  175


Автор: Жарасбай Нұрқанов

АТАМА

Дұғай сəлем атама – Көктеректе,
Отырған да шығар-ай өкпелеп те:
Айында бір амандық білдірсекші, –
Ол кісіге осыдан көп керек пе?
Кетерімде кемсеңдеп қалып еді,
Сақалына тамшы жас тамып еді...
1967 ж.





Пікір жазу