03.02.2022
138
ЖАРТАС
Тынымсыз түртіп, қужалап,
Толқынды толқын қуады.
Жартастың жүзін су жалап,
Тозаңын, татын жуады.
Сонда да жартас өкпелі
Сазарып мойнын бұрмайды.
Аумалы да төкпелі
Толқын қайтпай тұрмайды.
1957 ж.