03.02.2022
  312


Автор: Жұмабай Арман

Жамбылға арнау

Жамбыл десе ойыма жыр келеді
Жамбыл абыз – жыр ғұмырдың өзегі
Жүз жыл жырлап, қалдырған өшпес мұрасын
Ұрпақтарың шырқап әне келеді.

Шабыт келсе, өлең болып сарқырадың
Бас білмейтін асаудай арқырадың
Күзгі түндей күңгірттеу жыр көгінде
Жырларыңмен жұлдыздай жарқырадың

Алатаудай жырларың неткен биік
Тамсанады, тыңдайды көктем де ұйып
Еркін басып барады күллі әлемге
Қара өлеңің қазақы шекпен киіп!





Пікір жазу