meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  02.02.2022
  1300


Автор: Таныстыру сөздері

Күз аруы байқауына таныстыру сөзі (балабақша)

Күз аруы байқау бұл,
Алтын күздей тербелер.
Сәлем бердім сіздерге,
Қолдап бізге дем берер.

Балабақша аруы,
Боламыз біз еркелер.
Қылығымыз тәп-тәтті,
Болсаңыздар ескерер.

Алтынбектің қызымын,
Жарқырайтын жұлдыздай.
Алтынайдың гүлімін,
Құлпыратын қырмыздай.

Кіші жүзден келдім мен,
Бұл байқауға асығып.
Тағы сәлем бердім мен,
Қобалжуды жасырып.
Жібек Искакова





Пікір жазу