meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  02.02.2022
  2229


Автор: Таныстыру сөздері

Байқауға балабақша таныстыруы

Балабақша байқауы,
Ашты айқара есігін.
Сәлем бердім сіздерге,
Тербеп жырдың бесігін.

Алтыншаштай қызыңмын,
Өнерімен тәнті етер.
Жақсылардың ізімін,
Оң мен солды теңді етер.

Руым ысты, ұлы жүз,
Бар жақсысын арнайтын.
Айдарқызы боламын,
Шад күніңді жалғайтын.

Ақмаралдай анам бар,
Мейірімін арнайтын.
Қызың болам тілі бал,
Қыран құстай самғайтын.
Жібек Искакова





Пікір жазу