meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  02.02.2022
  3299


Автор: Таныстыру сөздері

Сайысқа балабақшаға арналған таныстыру сөзі

Армысыздар халайық,
Сәлем беріп алайын.
Балабақша байқауы,
Ашар күннің арайын.

Арманқызы боламын,
Шаттығыңа бастайтын.
Толған айдай толамын,
Қуанышты растайтын.

Өнеріммен бүгін мен,
Тәнті етіп, жеңемін.
Қобалжудан аулақпын,
Өз күшіме сенемін.

Анам менің Арайлым,
Мейіріммен үндейтін.
Айжан қызың боламын,
Өкпелеуді білмейтін.
Жібек Искакова





Пікір жазу