01.02.2022
  183


Автор: Ақан Сері

Жақыпқа

Ақан жолаушылап келе жатып, Зікірияның інісі Жақыптың үйіне қонады. Ымырт үйіріліп, қас қарайғанда бір
тоқты әкеліп сояды. Тоқтының еті пісіп, алдына келген
Ақан «бісміллә» деп дәмін татады да, жемейді. Өйткені
жасық екен. Бірақ аузына оралған бір ауыз қағытпаны
тастай салады:
Жануар, күндіз келмей түнде келдің,
Білмеймін қай сайтанның тіліне ердің.
Обалыңа қалыппын, өзің кешір,
Қараңғыда қол жайып бата бердім.
Ертеңіне Ақан Зікірияның үйіне келіп қонады. Ол қой
әкелуге кісі жіберейін деп жатқанда, мұнысы да бір жасықтың обалына қалмасын деген ниетпен: «Түнде Жақыптың
үйіне қонып едім, бір тоқтысы арыз айтты», – дейдідағы
өлеңдетіп жібереді.
Жаңа май жан денеме шашып едім,
Көк жеген соң көзімді ашып едім.
Тамыз бенен шілдеде мені сойса,
Адам алса аузына жасық едім.
Имиіп не бетіммен көрінем деп,
Мейманнан ұялғаннан қашып едім.
Жақып мырза бір қиял бастап алды,
Бес жүз қойдың ішінен қастап алды.
Талдан талға қорғалап қашсам-дағы,
Жұлдыз туа қуалап ұстап алды.
Енемді жаздай, күздей сауып алды,
Көздің жасы жаңбырдай жауып алды.
Бозторғайдай жорғалап қашсам-дағы,
Стражникке іздетіп тауып алды.
Соны көрген қонақтар күле қарап,
Апырмай, жазықсыз деп тек таң қалды





Пікір жазу