01.02.2022
  275


Автор: Ақан Сері

Ақанның Молдахметке берген батасы


1888 жылы Сырымбетте болған бір жиында алты
жасар Молдахмет өлең айтыпты. Сонда Ақан:
Сенің әкең Тырби,
Өзің болшы қырғи.
Асқақтатып, әндетіп,
Қарқындай бер ылғи.
Сол Молдахмет халық ақыны Үкілі Ыбырайдың шәкірті Молдахмет Тырбиұлы (Өлең М.Тырбиулының өз аузынан
жазылып алынды).
* * *
Дүние – жалын, дүние – от,
Дүние – ыстық, дүние – шоқ.
Қанша баймын десең де,
Артта қалар дүние боқ.
* * *
Татар қызы тигенше,
Құмартады қойныңа.
Тигеннен соң басынып,
Құм артады мойныңа.





Пікір жазу