01.02.2022
  5747


Автор: Таныстыру сөздері

Байқауға, келіндер сайысына таныстыру сөзі

Көңілімде қазақ дейтін жыр елім бар,
Қазақ үшін соғатын бұл жүрегім бар.
Ассалаумалейкум ағайын, жұрт,
Бұл өнерге бас иер, жаны құмар.

Қыз дегенің үйге қонақ дейді қазақ,
Ар-ожданын сақтайтын, етпей мазақ.
Өз ұямнан ұшып қондым жаңа ұяма,
Мұнда бәрі тамаша бұл, бәрі ғажап.

Ұлы жүздің руына келіп қалдым,
Қуанышта қарсы алып атар таңым.
Асылбектің қызымын, жұлдызымын,
Ойлайтұғын қашанда елдің қамын.

Айжамалмын айдай боп үн қататын,
Өнерімен, өлеңмен жырлататын.
Сәттілік келіндердің барлығына,
Гүлдей жайнап өнерге құмартатын.
Жібек Искакова





Пікір жазу