01.02.2022
  6611


Автор: Таныстыру сөздері

Келіндер байқауына арналған таныстыру

Бұл көңілім жайма шуақ жаздайын,
Мен сіздерге өлеңімді арнайын.
Армысыздар қымбатты ағайындар,
Әрбір сөзі шекер менен балдайын.

Иіліп сәлем бердім шын жүректен,
Көктемдейін құлпырып, күлімдеткен.
«Қыз мұраты кету» дер дана халқым,
Қайынжұртым тамаша келіп жеткен.

Ұлы жүздің келінімін, ыстылардың,
Сақтайтұғын қашанда намыс, арын.
Алмасқызы Арайлым боламын мен,
Ойлайтұғын бірінші елдің қамын.

Сайысы бұл келіндер, келіндердің,
Бұл сайысқа асыға мен де келдім.
Ал сәттілік тілеймін баршаңызға,
Өнеріме, өзіме мен де сендім.
Жібек Искакова





Пікір жазу