01.02.2022
  8991


Автор: Таныстыру сөздері

Келіндер байқауына таныстыру

Армысыздар ағайын-жұрт, жамағат,
Мейрімділік, бойында бар қанағат.
Алдыңызда иіліп сәлем бердім,
Шын жүректен сіздерге мен даралап.

Бұл қазағым сақтаған ата салтын,
Түсінетін әсепттеп сөздің парқын.
«Қызым саған айтам» деп «келін тыңда»,
Арнай білген келінге сөзін алтын.

Келіндердің сайысы ашты есік,
Келіндердің сәлемі бірге үндесіп.
Келінімін орта жүз, божбандардың,
Жүретұғын сыйласып, күлімдесіп.

Айдарқызы Айдана мен боламын,
Шырқайтұғын ғажайып арман әнін.
Аяқ-қолым жылдам, бұл ойым ұшқыр,
Қайынжұртқа ұсынар астың дәмін.
Жібек Искакова





Пікір жазу