01.02.2022
  156


Автор: Асқаржан Сәрсеков

Мысықтың айласы

– Мияу, мияу, мияу, – деп,
Аш Мысық жүр бұралып.
– Зәлім Мысық мынау! – деп,
Тышқан танып тұр анық.

Шығар емес інінен,
Жатыр бұғып жай ғана.
Алдайын деп мұны мен,
Мысық көшті айлаға.

Даусын кенеп бір тұстан,
«Әуп-әуп» деді, «ыр-р» деді.
Ит деп ойлап сұр Тышқан:
– Тиіспейді бұл, – деді.

Шыққан кезде інінен,
Нағыз шатақ басталды.
Аңдып жүрген күнімен
Мысық бірден бас салды.

Майлап солай құлқынын,
Пеш қасына кеп отыр.
– Шет елдің де бір тілін
Білген жақсы! – деп отыр...





Пікір жазу