31.01.2022
217
Зоопаркте
Әжесі:
– Қарашы, Бек, мына аңға.
Немересі:
– Ұзынтұра шұбар ма?..
Әжесі:
– Неге ұқсайды сеніңше?
Немересі:
– Мойны ұқсайды кранға.
Әжесі:
– Аты не оның, қарағым?
Немересі:
– Қазір, әже, табамын…
Сен де ойлағын баланың
Айтатұғын жауабын.