31.01.2022
  233


Автор: Бейсебай Кірісбаев

Жаңбыр

Жауа берші, жау, жаңбыр,
Дала көркін жандандыр.
Жауа берші, жау, жаңбыр,
Қаулап өссін алуан гүл.
Жауа берші, жау, жаңбыр,
Әрбір тамшың – тамған нұр.
Әрбір тамшың – тамған дән,
Асып жатсын қамбамнан!





Пікір жазу