31.01.2022
  2848


Автор: Таныстыру сөздері

Жүрегіміз, тілегіміз бір біздің

Жүрегіміз, тілегіміз бір біздің,
Көшбасшылық мекеніне бастайтын.
Армысыздар қымбатты дара халқым,
Шындық сөзді әрқашанда растайтын.

Көшбасшымыз әкеміз бар осында,
Еңбегімен елге сыйлы адал жан.
Ақ жаулықты анашым да осында,
Бар жақсыны қазағына арнаған.

Кіші жүзден шыққан елміз ардақты,
Бірін-бірі әрқашанда қолдайтын.
Ағам, әпкем, сіңлілерім осында,
Қуанышты қуанышқа жалғайтын.

Біз отбасы — жүректері бір соққан,
Биік ұшар, қанаттары талмайтын.
Ынтымақ пен сыйластықты ұстанып,
Қанат қағып бірге ұшып, самғайтын.
Жібек Искакова





Пікір жазу