31.01.2022
  6496


Автор: Таныстыру сөздері

сайыс, Отбасылар жарысы

Көңіліміз құлпырар жаздай болып,
Өміріміз шаттықты күйге еніп.
Армысыздар жамағат, ағайындар,
Бұл сайысқа қатыстық біз де келіп.

Отбасылар сайысы бұл — жанұяның,
Ынтымағы, сыйлары жарасатын.
Асқар таудай әкем әне, аты Заңғар,
Бар адамға туысындай қарасатын.

Ақ жаулықты анам да осы жерде,
Бар жақсыны қашанда берер елге.
Қарындасым, әпкем, інім және мен,
Сыйластықта үн қатар әрбір жерде.

Отбасымыз мейрімділік бар бойда,
Бір жұмыла іс жасайтын қуана.
Адалдылық ұранымыз айнымас,
Жүретұғын жақсылықты құп ала.
Жібек Искакова





Комментарии

Нұрдина
Нұрдина 01.04.2023 13:31
Кушті екен рақмет сіздерге еңбектеріңіз алға баса берсін

Пікір жазу