31.01.2022
  10810


Автор: Таныстыру сөздері

Отбасылар сайысына таныстыру (анасы мен ұлы)

Анасы:

Армысыздар жамағат, сәлем бердім,
Отбасылар сайысына мен де келдім.
Кішіпейіл, ақжарқын мінезі бар,
Нұрлан деген қараңыз, ұлым менің.

Ұлы:

Ассалаумалейкум баршаңызға,
Ат терлетіп келгендер бұл сайысқа.
Анамды ертіп асыға мен де келдім,
Жеңу үшін жамағат бұл сайыста.

Анасы:

Ұлым менің, Нұрланым үздік бала,
Мақтанышым, тәртіпті өзі дара.
Ұлы жүздің елінен біздер келдік,
Әрбір істен шаттана қуат таба

Ұлы:

Отбасымыз мерейлі, қарапайым,
Білетұғын қашанда өмір жайын.
Ынтымақ пен сыйластық ұранымыз,
Күш беретін әрқашан бізге дәйім.
Жібек Искакова





Комментарии

Гүлбану
Гүлбану 11.05.2022 14:19
Отбасын таныстыру

Пікір жазу