31.01.2022
285
Күлдірген мен бүлдірген
Жайқалып тұр бүлдірген
Жағажайда көрікті.
Бүлдіргенді Күлдірген
Етегіне теріпті.
Ақ көйлектің етегін
Қызыл шырын бүлдірді.
«Шырын сүртсем кетеді», –
Деп ол бізді күлдірді.