meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  31.01.2022
  554


Автор: Ермек Өтетілеуов

«Екі дос»

Ұқсамайтын басқаға,
Бар бізде екі дос бала,
Екеуі де бір жаста,
Құралпы да, құрдас та.
Екеуінің бір ойы,
Екеуінің тең бойы.
Екеуі де әдепті,
Еңбек сүйгіш әрі епті.
Екеуі де талапты,
Жақсы оқиды сабақты. 





Пікір жазу