31.01.2022
  180


Автор: Болат Үсенбаев

Аппақ бала

Аппақ бала, ақ бала,
Салақтарды жақтама.
Мұнтаздай боп жүреді
Ұқыптылар тек қана.

Сабын, тарақ, орамал
Жуынуға ала бар.
Кір-қожалақ болады
Жуынбаған балалар.





Пікір жазу