meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  31.01.2022
  172


Автор: Болат Үсенбаев

Алаңғасар

Шешінгенде киімін
Ілмей кетіп шкафқа.
Иленеді шұлығы
Кір боп жатыр жан-жақта.

Көйлегі де шашылап,
Шалбары да шашылып,
Салатұғын түйме жоқ,
Омырауы ашылып.

Ойын қуып далақтар
Келе сала мектептен.
Қарамайды сабаққа
Қайран уақыт текке өткен.

Қалды десек жігіт боп,
Дағдысы сол қашанғы.
Қасен аты ұмыт боп,
Алаңғасар атанды.





Пікір жазу