31.01.2022
  136


Автор: Болат Үсенбаев

Қолғабыс

Дала ызғар, таңғы леп,
Шығыстан жел тұрыпты.
Қасым жатыр қар күреп,
Маңдайын тер жуыпты.

Шаршауды еш білмейді,
Түріп тастап білекті.
Әрі-бері сілтейді
Өзінен дәу күректі.

Еңбек сүйгіш кішіге
Сүйсініп-ақ қарайсың.
Атасы ырза ісіне,
Дейді оған: «Жарайсың!»





Пікір жазу