31.01.2022
140
Жат иіс
Білуші едік Өтенді,
Күрк-күрк жөтелді.
Жөтелгені несі деп,
Бәріміз де шошып ек.
Өтен тілін тістеді,
Сыры айтылмай іштегі.
Жабыла іздеп себебін,
Бермек болдық көмегін.
Әжесі оған жуық кеп,
«Тиіп қапты суық», - деп.
Қарап көрді тамағын,
Өтен түйді қабағын.
«Жұмбақ жөтел неден?»-деп,
Әжей отыр елеңдеп.
- Болды-ау әбден қапылыс,
Шығады ғой жат иіс.
Жөн болмады мұнысы,
Мынау шылым иісі.
Тарылғаны тынысы –
Темекінің жұмысы.
Неше түрлі бәле бар,
У менен ол бара бар.
Тыраң асып қояның,
Жеңіліпті нояның.
Жылқы сеспей қатқанда,
Шылым шегіп мақтанба!
Нағыз ажал шылымың,
Қысқарады ғұмырың, -
Дегенде әжей шошыдық,
Шылым - зиян, осыны ұқ!