31.01.2022
  136


Автор: Болат Үсенбаев

Гүл өсірдім бөлмеме

Көркі болған үйімнің,
Гүлді көрсем сүйіндім.
Қызыл, аппақ гүлдерім
Күнменен мың құбылдың.

Сол гүлдерден әртүрлі
Жұпар иіс аңқиды.
Гүлбағбан боп баптаумен
Өткіземін әр күнді.

Бабын тауып күткемін,
Арам шөбін үптедім.
Мезгілінде су құйып,
Қопсытамын түптерін.

Өсті гүлім найқалып,
Жапырағы жайқалып.
Биіктеді бойы да
Таң арайын қарсы алып.

Үлгі болып өзгеге,
Гүл өсірдім бөлмеме.
Сұлулықтың сыйлығын
Апарамын көрмеге.





Комментарии

Дариға
Дариға 31.01.2022 17:41
Рахмет сізге рахмет

Пікір жазу