31.01.2022
  139


Автор: Болат Үсенбаев

Ерте келген қараторғай

Боранды да елемепсің,
Дауылға да қарамай.
Падишасы кереметтің
Асығыпсың далаңа-ай.

Қар көбесі сөгілген жоқ,
Жібімепті мұзы әлі.
Ерке көктем сенімен кеп,
Алыстарға ұзады.

Көктем неге кешікті бұл,
Қайтпай тұр күн ызғары.
Шырылыңды есітті қыр,
Ериді енді мұз, қары.

Сағынып-ақ қалғасың ба
Боз далаңды, пәк құсым?!
Қар бар әлі тау басында,
Тоңып қалған жоқпысың?!





Пікір жазу