31.01.2022
145
Кілемді неге сабайды?
Дұрыс па өзі мұнысы,
Жақпады ма бір ісі?
Сабап жатыр кілемді,
Тарылады тынысы.
Түзеледі ол қашан,
Қанша қақса - сонша шаң.
Таяқ жеумен өтеді
Осы кілем әрқашан.
Сабағанда жабыла
Бұрқ-бұрқ етер шаңы да.
Шаңнан қашып адамдар
Жоламайды маңына.
«Оны неге сабайды?» -
Деп Қанайбек қарайды.
Құрал оған жөн айтты
Көргендей-ақ талайды:
– Кінә өзіңде, есіңе ал,
Дәнеңе жоқ шошынар.
Шаңға аунамай жәй жүрсе
Сабап оны несі бар?!