30.01.2022
  4092


Автор: Таныстыру сөздері

Тәрбиеші байқауына таныстыру өлеңі

Өмір ғажап, әдемі өмір ғажап,
Бұл ортада тамаша, көңіл ғажап.
Армысыздар құрметті әріптестер,
Сәлем бердім иіле мұны ескер.

Тәрбиешімін — баламен ойнайтұғын,
Тәрбиеші— бала күнін тойлайтұғын.
Балалармен баладай үн қатамын,
Балалықтың сезімін жоймайтұғын.

Қарасайдың қызымын, әкем дара,
Айдананың жұлдызымын анам пана.
Олар барда жаздай боп жарқыраймын,
Әр күн сайын құлпыра, мен жандана.

Кіші жүздің аруымын сұрасаңыз,
Батылдығы бойында басым болар.
Бұл байқауда өнермен қыр асамыз,
Барлығы да шынайы, тосын болар.
Жібек Искакова





Пікір жазу