30.01.2022
  4013


Автор: Таныстыру сөздері

Таныстыру, «тәрбиеші» байқауына

«Тәрбиеші» баланың қараушысы,


Жылу беріп күндей боп тараушысы.


Ассалаумалейкум сәлем бердім,


Байқауға қатысуға мен де келдім.


 


Жақсы көрем баланы, қуантамын,


Мұңайғанда жүрекпен жұбатамын.


Бала біздің болашақ үніміз бұл,


Ататұғын жарқырап құба таңым.


 


Айдар тегі Ақмарал мен боламын,


Өнеріммен бүгін мен жанданамын.


Анам аты Меңсұлу, сұлу өзі,


Жақсылыққа жұмсайтын бар амалын.


 


Кіші жүзден келген мен тәрбиеші,


Балаларды жанындай жақсы көрер.


Қуанышы боп тарап күндей болып,


Қолындағы жақсының бәрін берер. 


          Жібек Искакова 








Пікір жазу