30.01.2022
  2571


Автор: Таныстыру сөздері

Байқауға «Тәрбиешілер»

Гүлдей болып жайнаймын бұл көктемде,
Бүршік жарып көктемім кеп жеткенде.
Армысыздар әріптес, қазыларым,
Сәлем бердім иіле қабыл алғын...

«Тәрбиеші» байқауына қадам бастым,
Бақ сынауға, құрметті қазыларым.
Балалар бұл біздердің бақытымыз,
Өсіп келе жатқан бұл жасыл бағым.

Орта жүзбін, божбанмын сұрасаңыз,
Өнерліміз, өнермен қыр асамыз.
Асқарқызы Айдана мен боламын,
Толған айдай қараңыз мен толамын.

Алтынайдың қызымын — анам менің,
Арқасында қолдайтын, берер демін.
Сәтті өтсін ендеше байқауымыз,
Қызықты боп көтеріп көңіл демін.
Жібек Искакова





Пікір жазу