29.01.2022
  223


Автор: НҰРЛЫБАЕВА ГАУҺАР

ЖАҢА КҮН


Терезеңнен түскен қара сәулеге,
Көзіңді тік заңғар биік, зәуге де.
Сен тірісің, көрдің жаңа ақ таңды,
Жаңа күнді қарсы алдың, тәубе де.

Бұл жаңа күн - тағы да бір мүмкіндік,
Жоспарыңды іске асыр бір күндік.
"Мүмкін емес,"-деме, таңда оятып,
Жаратқаның тұрган кезде мүмкін ғып.

Осы күнге жеткен де бар, жетпеген,
Ажал жетіп, мүмкіндігін шектеген.
Жаның барда әрекет ет, мақсатқа
Жете алмаған тек әрекет етпеген.

Жаңа күнді жаңа сый деп бағала,
Өткеніңе қарайлама, қарама.
Тер төк тағы, нәсібіңді теріп ал
Беріп тұрған көктен Алла Тағала.

Қанша мәнсіз күндер қалды артыңда,
Алға ұмтыл, жеңіске жет, тартынба!
Жаңа күнде жаса жаңа бір қадам,
Жата бермей өзгеріссіз қалпыңда.





Пікір жазу