29.01.2022
  185


Автор: НҰРЛЫБАЕВА ГАУҺАР

Ғұмыр - кітап....

Ғұмыр - кітап, беттерін парақтадым,
Өксік болып тығылды тамаққа мұң.
Шындығы аз өмірде шырай бар ма?
Өтіріктен шаршадым, Жаратқаным.

Өлгенімше жер бетін мекендеймін,
Шындығына әрненің жетем деймін.
Не істесе де, көтерем, өзге маған,
Тек өтірік айтпаса екен деймін.

Мен аңсаған ақиқат қайда бірақ?
Азайса ғой адамдар айлалырақ.
Өтірікке масайып, мәз болғанша,
Ақиқатын білгенім пайдалырақ.

Шыншылдыққа бас иер дүйім бақыт,
Тағдыр тезге салмасын шиырлатып.
Жалғандығын фəнидің біле тұра,
Өтірікпен алмайық қиындатып.





Пікір жазу